Е тобында Гондурас құрамасы Эквадорға 1:2 есебімен ұтылды. Соған қарамастан топтан шығу мүмкіндігі соңғы кездесуге сақталып қалды...
Кездесу қос құраманың талас-тартысымен, ойыншылардың сан алуан сәттерде қақтығысымен өтті. Кеш барысында Гондурас құрамасы бірінші болып есепті ашқан болатын. Алайда, Карло Костлидің голына Рейнальдо Руэданың тәлімгерлері Эннер Валенсияның қос қолымен жауап берді.
Екі турдың қорытындысы бойынша, Е тобында француздар көш бастап тұр. Эквадорлықтар екінші сатыға көтерілді. Швейцариялықтар көрсеткіштер айырмашылығымен үшінші орынға сырғыды. Гондурастықтарға да топтан шығуға мүмкіндік сақталып қалды.
Қорытынды турда эквадорлықтар француздармен ойнайды, ал Гондурас құрамасы Швейцариямен кездеседі.
Гондурас 1–2 Эквадор
E тобы, Arena da Baixada стадионы
Голдар: Карлос Костли 31' (1–0); Эннер Валенсия 34' (1–1), 65' (1–2).
Бас қазы: Бенджамин Уильямс, Мэттью Крим, Хакан Аназ
Гондурас: Вальядарес – Бекелес, Бернардес, Фигероа, Исагирре – Гарсия, Нахар, Гарридо, Эспиноса – Костли, Бенгтсон.
Эквадор: Домингес – Паредес, Эрасо, Гуагуа, В. Айови – А. Валенсия, Груэсо, Нобоа, Монтеро – Кайседо, Э. Валенсия.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: wc2014.rsport.ru