Атақты америкалық актер Леонардо Ди Каприо Әлем Чемпионаты-2014 додасының шымылдығын түретін Бразилия мен Хорватия арасындағы кездесуге жанкүйерлік етпек, деп хабарлайды Folha de Sao Paulo.
Осы күні Ди Каприоның Рио-де-Жанейроға досымен бірге ат басын бұрғаны белгілі болған. Және де әйгілі кино майталманы уақытының көп бөлігін «Манчестер Ситидің» қожайыны Шейх Мансұрдың кемесінде өткізіп, айтулы жарыстың алғашқы матчын тамашаламақ ниетте екен.
Естеріңізге сала өтсек, Бразилиядағы Әлем Чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: ntv.ru