В тобында Чили құрамасы Испанияны 2:0 есебімен тізе бүктіріп, сенсациялық жеңіске қол жеткізді.
Ойын басталған тұста-ақ чилиліктер екі бірдей гол соғатын сәткен ие болған тұғын. Бірақ, Санчес бастаған жігіттер испандық қорғаушылардың осалдығын пайдаланып кете алмады.
Испандықтар алаңға иелік еткенмен, ойынның 20-минутында чилиліктер кездесудегі есепті ашты. Эдуардо Варгас өз командасын алға шығарған болатын.
Чилиліктер мұнымен шектеліп қалмай, допқа иелік етуде испандықтардан кем түспей, нәтижесінде кездесу соңына қарай есепті еселей түскен еді.
Испания құрамасы сапынан мадридтік "Реалдың" ойыншысы Хави Алонсо екі жолы көзге түсерлік мүмкіндікті пайдалана алмады.
ӘЧ-2014, В тобы, екінші тур
Испания – Чили – 0:2
Эдуардо Варгас, 20, Чарльз Арангис, 44
Испания: Икер Касильяс, Сезар Аспиликуэта, Серхио Рамос, Жорди Альба, Хави Мартинес, Серхио Бускетс, Хаби Алонсо, Давид Сильва, Андрес Иньеста, Диегу Коста, Педро Родригес.
Чили: Клаудио Браво, Маурисио Исла, Южано Мена, Марсело Диас, Гари Медель, Гонсало Хара, Чарльз Арангис, Артуро Видаль, Франциско Сильва, Эдуардо Варгас, Алексис Санчес.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: eurosport.ru