- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- Бразилия 3 –...
Бразилия 3 – 1 Хорватия
Футболдан XX Әлем Чемпионатының ашылу матчында Бразилия мен Хорватия құрамалары кездесті...
Бразилияда шымылдығын түрген доданың алғашқы голы 11-минутта соғылды. Хорваттардың сол жақ қаптал бөліктен бастаған шабуылы Бразилияның қорғаушысы Марселоның өз қақпасына автогол соғуымен аяқталды.
Бразилиялықтар таразы басын ойынның 29-минутында теңестіре алды. Каталондық "Барселонаның" форварды Неймар ұрымтал соққы жұмсауға мүмкіндік тауып, Стипе Плетикоса қорғаған қақпаның сол жақ бөлігінен саңылау тапты.
Ойынның бірінші бөлігі бразилиялықтардың допқа иелік етуімен және талас-тартыспен өтті.
Ойынның екінші бөлігі хорваттардың ширақ қимылымен басталды.
Ойынның 71-минутында кездесудегі бас қазы хорваттардың қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Оңтүстік Америкалықтардың сүйіктісі Неймар айып добын сауатты орындап, өз құрамасын алға шығарды.
Кездесудің бітуіне санаулы минуттар қалғанда хорваттардың қорғаныстағы олқылығын пайдалана білген Оскар жақын бұрыш қақпаға гол салды.
ӘЧ-2014, А тобы, бірінші тур
Бразилия – Хорватия – 3:1
Неймар, 29, 71 (пенальти) – Марсело, 11 (автогол) - Оскар, 90+1
Бразилия: Жулио Сезар, Дани Алвес, Давид Луис, Тиаго Силва, Марсело, Луис Густаво, Паулиньо, Оскар, Халк, Фред, Неймар.
Хорватия: Стипе Плетикоса, Дарио Срна, Ведран Чорлука, Деян Ловрен, Шиме Врсалько, Матео Ковачич, Лука Модрич, Иван Ракитич, Иван Перишич, Ивица Олич, Никица Елавич.
Автор: Әкежан Дәкен
Сурет: vk.com
О. Сансызбай