Болжам жасап, Массагеттен iPad ұтып ал!

Болжам жасап, Массагеттен iPad ұтып ал!

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым! Сіздерді Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатына арналған болжамдар бәйгесіне қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді.

Бәйге ережелері: 

Өту кезеңі: 12 маусым мен 13 шілде аралығы, яғни «мундиальдың» өту уақыты.

1. Күн сайын Massaget.kz сайтында өтетін кездесулер жайлы ақпараттар мен сараптамалық-шолулар беріліп отырады. Барлық қатысушы жарияланған мақала соңына өз болжамдарын пікір ретінде қалдырады. Ал айтылар пікір (болжамнан басқа) форумдағы мына форумның ішінде талқыланады. Бір қатысушы бір ғана болжам жасай алады.

Ескерту: Форумда, басқа да материалдардың астына жазылған болжамдар есепке алынбайды. Арнайы ашылған "Массагет бәйгесі" деп басталатын материалдарға ғана жазылған болжамдар есептелетін болады. Бәйгенің арнайы материалдары "ӘЧ 2014" айдарындағы "Бәйге" деп аталатын бөлімде сақталады.

2. Үздік болжамдар рейтингі күн сайын қорытындыланып шығып тұрады.

4. Берілген ақпараттағы ойынға болжам қалдыру кездесу басталуға 1 сағат қалғанда тоқтатылады. Одан кейінгі түскен болжамдар есепке алынбайды.

5. Болжамдар кездесудің негізгі уақытындағы нәтижелермен ғана қабылданады.

6. Қатысушы әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында осы материалды репост жасауы міндетті. Сол арқылы ол байқауға қатысушы ретінде тіркелетін болады.

Болжамдар қалай есепке алынады:

Мысалы

Кездесу

Қатысушы болжамы

Нақты нәтиже

Ұпай

Ұпай есептеу әдістері

 

Мексика – Камерун

 

 

 

2:1

 

 

 

2:1

 

   

 

3

3 ұпай – кездесудің жеңімпазын және нақты есебін анықтаған жағдайда; 

 

Кот-Д'ивуар – Жапония

   

 

0:0

 

0:0

 

3

3 ұпай – кездесу тең аяқталып және нақты есебін анықтаған жағдайда;

 

Бразилия - Хорватия

 

1:1

 

2:2

 

2

2 ұпай – кездесу тең аяқталып, бірақ нақты есеп сәйкес келмеген жағдайда; 

 

Чили – Аустралия

 

3:1

 

2:0

 

2

2 ұпай – кездесудің жеңімпазы мен доп айырмашылығын анықтаған жағдайда; 

 

Нидерланды - Испания

 

2:3

 

1:3

 

1

1 ұпай – тек кездесудің жеңімпазын анықтаған жағдайда; 

 

Колумбия - Грекия

 

 

1:0

 

 

0:1

 

 

0

 

0 ұпай – ешбір болжам сәйкес келмеген жағдайда;

 

Егер бәйге жеңімпаздарының ұпайы жарыс қорытындысында тең болған жағдайда, олар 1 мен 20 аралығындағы кез келген бір санды өздері таңдап, ол жөнінде сайт әкімшілігін хабардар етуі тиіс. Одан соң бәйгені ұйымдастырушылар randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдаумен анықтайтын болады. 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жеңімпаз iPad иеленеді. Одан кейінгі екі орын иегеріне де бағалы сыйлықтар табысталады. Кездесулерге ұсынған болжамыңыз бойынша тағы да қосымша сыйлықтарға қол жеткізе аласыз.

Жеңімпаз өз сыйлығын Massaget.kz сайтының редакциясына бір апта ішінде хабарласып, ала алады. Сұрақтар мен өтініштер бойынша 8 (727) 388 81 18 телефонына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыз.

Сонымен ертең, 12 маусым күні Бразилия – Хорватия кездесуімен болжамдар бәйгесін бастайтын боламыз. Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!

О. Сансызбай