Футболдан Италия құрамасының шабуылшысы Марио Балотелли Коста-Рика құрамасына қарсы өтетін кездесу алдында өзінің твиттер парақшасында хабарлама қалдырып отыр...
"Егер біздер Коста-Риканы жеңер болсақ, онда мен Англия королевасының бетімнен сүйгенін қалар едім" - депті «Супермарио» микроблогта.
Естеріңізге сала өтсек, Италия құрамасы алғашқы ойынында Англияны 2:1 есебімен жеңген болатын. Енді бір кездесуде жеңіске жетсе, топтан шығу мүмкіндігі өздігінен шешілмек.
Бүгін британдықтар уругвайлықтарға ұтылып, топтан шығу мүмкіндіктері кеми түсті. Ал Балотеллидің өтімді хабарламасын әлем жұртшылығы әрқалай бағалауда.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: tupianxiaozhan.com