Аустралия, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары ӘЧ тікелей жолдама алды

Аустралия, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары ӘЧ тікелей жолдама алды

Иракты тізе бүктіру арқылы ғана Хольгера Осиека баптаған Аустралия құрамасы өз тобында екінші орынмен әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Сиднейде өткен матчта алаң иелері матч басталысымен-ақ жаппай шабуылға көшті. Алайда олар ұйымдастырған бүкіл шабуыл Ирак футболшыларының көмегімен тойтарылып отырды. Осы орайда Ирак қорғаушыларының көрсеткен ерлігін айта кетуіміз керек. 

Матчтағы басты рөлді Осиека бапкердің команда көшбасшысы Тим Кэйхиллды Джошуа Кеннедиге ауыстыру оқиғасы алды. Бапкердің ондағы мақсаты тың футболшының "жоғары қабаттағы" допты ырқына бағындыру болды. Айта кетейік, алаңды тастап кеткен "Эвертонның" экс-ойыншысы Кэйхилл бапкердің шешіміне көңілі толмайтынын да білдіре кетті. Алайда, ол кездесуді аяқтауға бұйрық берген төрешінің ысқырығынан кейін бапкермен бірге жолдаманы тойлауға кірісіп кетті. Сонымен, Осиека бапкер қателеспеген екен. Алаңға тыңнан кірген Кеннеди ойынның 83-минутында әуедегі допқа бірінші боп жетіп, қақпашыға қарама-қарсы бағытпен допты қақпа торына тоғытты. Осылайша Аустралия өз тобында Жапониядан кейін екінші орынмен әлем біріншілігіне тікелей жолдама алды. Бұл топтағы Иордания Оманмен қосымша жолдама үшін өткен матчта жеңіске жетті. 

1

Енді Иордания сенсация жасауға сәл қалған Өзбекстан құрамасымен кездеседі. Өз кезегінде Мирджалал Қасымов баптаған өзбектер Катар қақпасына жарты сағат ішінде бес доп енгізіп үлгерді. Катар болса тек бір доппен ғана жауап берді. Ал Оңтүстік Корея өз үйінде болған матчта Ираннан ұтылды. Осы ойынның кесірінен өзбектер үшінші орында қалып, енді тек қосымша жолдама үшін таласып көрмек. Бұл топта әлем чемпионатына тікелей жодаманы Корея мен Иран жеңіп алды. 

Айта кетейік, Азия құрлығында үшінші орын алған команда Оңтүстік Американың бесінші орын алған құрамасымен қосымша жолдама үшін таласады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: aladop.kz

Б. Қосмағамбет