Арабиялық Шахин атты түйе Бразилия елінде өтіп жатқан футболдан Әлем Чемпионатының 15-16 маусым күндері өткен ойындарына дәл болжам жасады.
Шахин Аргентина мен Босния және Герцеговинаның ойындарында аргентиналықтардың жеңіске жететінін тура тапқан. Тапқыр түйе бүгінге дейін үш ойынның жеңімпазын дәл анықтап отыр: Бразилия – Хорватия (3:1), Италия – Англия (2:1) және Испания – Нидерланды (1:5).
Дубайлық нар сондай-ақ, бүгінгі болатын Португалия мен Германия кездесуінде Криштинанудың командасын жеңімпаз деп тапты. Дегенмен қай команданың жеңіске жететінін бүгін анықтайтын боламыз. Сіз де өз болжамыңызды жасаңыз!
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lmqCEzQnwBA","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Vk.com