Жаңа ғана Сан-Паулу қаласындағы "Коринтианс" стадионында ХХ әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Бар дайындығын көрсеткен Бразилия жанкүйерлер үддесінен шығу үшін барын салды.
Ашылу салтанаты елдің ерекше әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін танытатын қойылымдармен басталды. Дүбірлі доданың ресми әнін қауыз ішінен шыққан рэпер Питбуль, Дженнифер Лопес және бразилиялық әнші Клаудиа Лейте біріге шырқады. Ән "We Are One" деп аталады. Назарларыңызға ашылу салтанатынан алынған көріністерді ұсынамыз!
Санаулы минуттардан кейін Бразилия - Хорватия кездесуі басталады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: vk.com