Футболдан Нидерланды құрамасының капитаны Робин ван Перси Әлем Чемпионатының қола жүлдесін қызғылт сары түсті әскери униформадағы құраманың қолдаушысына сыйға тартыпты. Бұл жайлы британдық басылымдар жарыса жазуда.
Нидерланды құрамасы Бразилия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, Әлем Чемпионатында алғаш рет үшінші орынды иемденген еді.
Ван Перси аталған кездесуде бірінші болып есеп ашқан тұғын. Ойынның 3-минутында 11 метрлік айып добын орындаған болатын.
Шабуылшы Бразилиядағы Әлем Чемпионатында төрт гол соғып, өз командасының ең үздік сұрмергені атанып отыр.
ӘЧ-2014, үшінші орынға талас
Бразилия - Нидерланды – 0:3
Робин ван Перси, 3, Дейли Блинд, 17 Вайналдум Дж. 90+1'
Бразилия: Сезар, Майкон, Тьяго Силва, Луис, Максвелл, Виллиан, Луис Густаво, Оскар, Рамирес, Паулинью, Жо.
Нидерланды: Силлессен, де Врей, Мартинс, Влаар, Блинд, Роббен, Вейналдум, Снейдер, Класи, ван Перси, Кюйт.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: itar-tass.com