- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- ӘЧ-2014. Томас Мюллер:...
ӘЧ-2014. Томас Мюллер: «Пепе өз дегенін алды»
Германия құрамасының форварды Томас Мюллер арбитрдің Португалия құрамасының қорғаушысы Пепені ойыннан шеттеткенін дұрыс деп отыр.
Германияның футбол құрамасы G тобындағы бастапқы турда Португалия командасын айқын басымдылықпен жеңді. Сальвадорда өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Төрт голдың үшеуін португалдықтардың қақпасына Томас Мюллер жолдады. Матчтың аяқталуына аз уақыт қалғанда Пепе әдеткі дөрекілігі үшін ойыннан шеттетілді.
«Әлем біріншілігінің бірінші кездесуінде осындай қарсыласқа хет-трик жасау оңайға соқпады. Бірақ мен қобалжитындардан емеспін. Соңғы төрт жыл бойы Бразилия жерінде топ жаруға тәжірибе жинақтадым. Ойынның бірінші таймында бірнеше мүмкіндіктер болды. Нәтижесінде дубль жасай алдым. Мынадай ыстық аптапта толыққанды ойын көрсетуге мүмкіндік болған жоқ», – дейді бірінші турдың басты футболшысы.
Сондай-ақ, Томас Мюллер Португалияның қорғаушысы Пепенің дөрекі мінезі туралы да өз пікірін айта кетті.
«Пепемен болған жағдайды төреші толық көрмей қалды. Ол менің бетімді қолымен түртіп қана қоймай, ашулы мінезбен, жақындай келіп, басымен мені соға кетті. Не болса да, ол шегінен шығып кетті және сол жазаға лайық», - деп қоса кетті Мюллер.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.eurosport.ru
Ж. Өрісбай