Бразилияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатының көрсетілімдері телекөрермендердің рекордтық сан мөлшерін жинауда. Бұл туралы ФИФА-ның телевизиялық директоры Никлас Эриксон хабарлаған.
Никлас Эриксон Жапония мен Кот-д'Ивуар арасындағы кездесу турнирдің бірінші турында ең көп көрілген ойын болды дейді. 34,1 миллион көрермен Жапонияда таңғы сағат 10-дар шамасында өз ұлттық құрамаларының жеңілісін көрген (1:2).
Ал ашылу матчы - Бразилия құрамасы Хорватияны тізе бүктірген кездесуді (3:1) жергілікті Globo телеарнасынан 42,9 миллион телекөрермен тамашалаған екен.
Америкалықтар мен Гана арасындағы тартысты ойынды (2:1) 11,1 миллион АҚШ тұрғыны тамашалап, бұл өз кезегінде аталған мачты таратқан ESPN телеарнасы үшін рекордтық көрсеткіш болыпты.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: footboom.com