ӘЧ-2014. Суарестің Кьеллиниді не үшін тістегені белгілі болды

ӘЧ-2014. Суарестің Кьеллиниді не үшін тістегені белгілі болды

Уругвай құрамасының бас бапкері Оскар Табарес Луис Суарестің Әлем Чемпионатында шеттен шыққан қылығының себеп-салдарын, италиялық қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алуының мән-жайын айтып берді.

Әлем Чемпионатында топтық кездесудің үшінші тур ойынында Уругвай мен Италия құрамалары кездескен еді. Міне, сол ойын қарсаңында Суарес өзінің "Барселонаға" ауысқалы жатқан жерінен "Ливерпуль" тарапынан келісімнің үзілуге бір табан жақын қалғанын естиді. Мұны естісімен, ойыншы алаңда өзіне орын таппаған.

"Суарес маған өткен жылдың қарашасында-ақ өзіне "Барселона" тарапынан қызығушылық барын айтқан болатын. Сол уақытта-ақ қос клуб ауызша мәмлеге келген секілді. Алайда, Суарес маусымды керемет өткерген соң, "Ливерпуль" бас тартқысы келгенге ұқсайды.

Англия құрамасынан жеңістен кейін ол осы жаңалықты естіпті. Өз кезегінде, италияндықтарға қарсы кездесуге шыққанда ашуы алқымға келіп, әбден ренжулі болғаны белгілі. Өзге адамға айналғаны былай тұсын, ойын алдында ешкіммен тіл қатыспай, өз-өзімен жеке дайындалып кеткен еді" - дейді Табарес. 

Естеріңізге сала өтсек, Суарес Кьеллиниді тістегені үшін төрт айға футболдан шеттетілген еді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: goal.net.ua

О. Сансызбай