ӘЧ-2014. Суарес екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін

ӘЧ-2014. Суарес екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін

Уругвай құрамасы мен "Ливерпульдің" шабуылшысы Луис Суарес футболдан екі жылға шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Daily Express.

Естеріңізге сала өтсек, Уругвай құрамасының ойыншысы Италияға қарсы ойынның бітуіне он бес минут қалғанда қорғаушы Джорджо Кьеллинидің иығынан тістеп алған болатын. Қорғаушы бұдан кейін төрешінің алдына барып шағынданған еді, бірақ төреші елеусіз қалдырған-ды.

Анықталғандай, ФИФА-ның заңнамалық жүйесінде қарсыласты тістеп алған футболшы ең ұзақ дегенде екі жылға ойыннан шеттетілуі мүмкін делінген. 

Ертеректе Суарес ағылшын біріншілігінде Бранислав Ивановичті тістеп, он ойынға жазаға тартқан-ды.

лол

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.ru

Л. Лига