- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- ӘЧ-2014. Норвегия тұрғыны...
ӘЧ-2014. Норвегия тұрғыны Суарестің тістейтінін дәл тапқан
Норвегияның тұрғыны Әлем Чемпионатындағы ең ерекше бәсті шығарды. Футболға қызығатын ел тұрғыны букмекерлік кеңселерден табыс түсіргісі келіп, Италия-Уругвай кездесуінде Луис Суарес қарсыластың бір ойыншысын тістейді деп бәс тіккен екен.
Тістеп алу бәсінде 175,00 коэффициент ойнапты.
Ойынның 80-минутында Суарес италияндықтардың қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістеп алып, ойламаған жерден бәсі шығып кеткен.
Норвегиялық азаматтың ұтысы 5600 норвегиялық кронды құраған (125 мың теңге). Сондағы бар қойғаны 32 крон болыпты.
Естеріңізге сала өтсек, Уругвай құрамасының ойыншысы Италияға қарсы ойынның бітуіне он бес минут қалғанда қорғаушы Джорджо Кьеллинидің иығынан тістеп алған болатын. Қорғаушы бұдан кейін төрешінің алдына барып шағынданған еді, бірақ төреші елеусіз қалдырған-ды.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: sovsport.md; sport-xl.org
Л. Лига