Нидерланды құрамасы Коста-Рикаға қарсы өткен кездесуде көпшілікті бір таңғалдырғаны анық. Футбол тілімен айтқанда, экстра таймның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда "қызғалдақтар елінің" бас бапкері Луи Ван Гал қақпашыны ауыстырды. Яспер Силлессен алаңдағы орнын Тим Крулға босатқан еді.
Крул бұл ойынның бас қаһарманына айналып, ойын соңындағы пенальтиде екі соққыны тосқан болатын және Нидерланды құрамасы жартылай финалға шықты.
Кездесуден кейін Силлессен мен Крул бастары біріге отырып пресс-конференция өткізді.
"Мені негізгі уақыттың соңында ауыстырарын білмедім, бұл мен үшін күтпеген жаңалық еді" - деп ағынан жарылады Силессен. "Қақпашылар жаттықтырушысы кездесу басталмас бұрын овертайм болып жатқан жағдайда менің алаңға шығатынымды айтқан болатын. Содан болар, бүкіл ойынды өзгелердей емес, өзгеше қарап отырдым. Ойға алмай тұра алмадым" - деді Крул.
"Қонақүйден шығып, автобусқа отырарда жаттықтырушы маған алаңға шығатын мүмкіндік бар екенін айтты. Ендігіде, мұндай қажет болмайтын шығар, біздер 90 минутта бар мәселені шешерміз деген үміттемін" -деді Крул.
"Алаңдағы орнымды ауыстарған соң, көпшілік менің қатты ашулы болғанымды айтуда? Иә. Мен барлық уақыт бойы ойнағым келеді, өз кезегінде, пенальти сериясында да. Қазір бәрі өз орнында. Мен ертерек білгенде, бәлкім, бәрі басқаша болар ма еді. Екінші жағынан, бәрі жақсы аяқталды. Біздер жеңдік, Тим екі соққыны қайтарды. Ал бұл дегеніміз, барлығы дұрыс болған деген сөз" - деді Силлессен.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: eurosport.ru