- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- ӘЧ-2014. Неймарды емханаға...
ӘЧ-2014. Неймарды емханаға алып келген сәтін түсірген медбике жұмыстан қуылды
Неймарды бейнекамераға түсірген медбике жұмыстан қуылады. Бразилия құрамасының ойыншысын жарақаттан жаны қиналған сәтте...
Әлем Чемпионатының ширек финалдық кездесуінде Бразилия құрамасының ойыншысы Неймар колумбиялық ойыншы Хуан Суньигомен соқтығысып қалған болатын. Футболшыны артынша ауыстырып, Сан Карлос емханасына алып кеткен еді.
Медбике Неймардың жыламсыраған жүзін телефонға түсіріп алған. Түсірілім соңында камераны өзіне бұрып, саусағымен жеңіс белгісін көрсеткен көрінеді.
Емхананың меңгерушісі Марсия Реал медбикенің демалыста екенін, көп ұзамай жұмыстан қуылатынын жеткізіпті. Ал әлгі таспа интернетте кеңінен таралып, жергілікті жанкүйерлер арасында наразылық тудырған. Бұл жайтты Бразилияның Футбол Федерациясы бей-жай қалдырмауда.
Дәрігерлердің сөзіне сенсек, Неймардың толыққанды айығуына сегіз апта уақыт қажет.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Л. Лига