Аргентина астанасы Буэнос-Айресте белгісіз біреулер Лионель Мессиге қойылған мүсіннің сұқ саусағын кесіп алыпты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ құралдары.
Мессидің мүсіні Реколетаға Әлем Чемпионаты басталмас бұрын қойылыпты. Мүсін жалғыз емес, жанында аты аңыз екі аргентиналық футболшының мүсіні тұр - Диего Марадона мен Габриэль Батистута.
Мүсінді қайта қалпына келтіру шаралары қолға алынып, мәдениетке залал келтіргендер іздестірілу үстінде екен.
Кеше Аргентина құрамасы Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Енді Мессидің командасы Нидерланды құрамасымен кездесетін болды.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: km.ru