ӘЧ-2014. Луис Суарес төрт айға футболмен қош айтысты

ФИФА-ның тәртіп комитеті Луис Суаресті Әлем Чемпионатында топтың кезеңнің үшінші турында Италияға қарсы ойында спортқа тән емес мінез-құлық танытқаны үшін жазаға тартады...

Уругвай құрамасының белді ойыншысы екінші таймда италиялық қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алған болатын. Осы бір іс-қылығы үшін Суарес ұлттық құрама сапында тоғыз ойынға шеттетіліп отыр. Жазаның бұл түрі 1/8 финалда Колумбия – Уругвай кездесуінен қолға алынбақ.

Сонымен қатар, Суарес төрт айға футболға қатысты кез келген іс-шарадан, одан қалды әкімшілік жұмыстардан да шеттетілуде. Осы уақыт аралығында шабуылшы кез келген футбол стадионында бой көрсетпеуге тиісті және тоғыз айлық жазасы өтелгенше Уругвай құрамасының ойындарын тамашалай алмайды. 

ФИФА-ның ресми сайты жаза соңында футболшыға 100 мың швейцариялық франк айыппұл (82 мың еуро) салынғанын айтады.

Бір айта кетерлігі, Луис Суарес 2010 жылдан бері әртүрлі жазалардың жиынтығын қосқанда 34 матчқа қатыспаған. Ал Уругвай құрамасы ФИФА-ның қолданып отырған жазасына шағым жасайтынын жеткізді. Алда өз өтініш-тілектерін ақтап алуға ниетті.

Жазаның қатал шығуын мамандар сан саққа жоруда. Біреулер Суарестің бұл іс-қылығы көптен бері ойластырылып келгенін, дәлел ретінде Конфедерация Кубогін (Уругвай - Италия кездесуі) алға тартады. Онда Суарестің Джорджо Кьеллиниді тістегелі жүрген сәті суреттен көрініс алыпты.

Әйгілі әзілкеш Ярно Пека-Саасала көшеде Суареске пародия салуда:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/1DjW3rBBKqA#t","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru