Иранның Футбол Федерациясы өз ойыншыларына ойын соңында қарсыласпен жейде ауысуға тыйым салды, деп жазады “Le Figaro” газеті.
Федерацияның төреғасы Әли Хафашан мұны эконимикалық себептермен және құраманы қаржыландырып отырған салық төлеушілердің қаражатына ұқыпты әрі үнеммен қараудан деп түсіндірген.
Иран құрамасының бас бапкері Карлос Кэйруш ел құрамасында бұрыннан қаржылық қиындықтардың бар екенін, өз кезегінде, Әлем Чемпионатына дайындық жасауда өлшеусіз залалдар келтіргенін айтқан екен.
Ал ирандық футболшылар көп уақыттан бері ұлттық құрама сапында дайындық жүргізуде қолайсыздықтардың жиі туындайтынын және сапасыз жейделер берілетінін айтумен келіпті.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: lanacion.cl