- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- ӘЧ-2014. Бразилия жартылай...
ӘЧ-2014. Бразилия жартылай финалда
Форталезеде өткен Бразилия мен Колумбия құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды...
Тьяго Силва ойынның 7-минутында Неймар асырған пасқа бірінші жетіп, кездесудегі есепті ашқан болатын.
Үзілістен кейін ойын қос қарсыластың ашық тайталасымен басталған еді. Бразилиялықтар жиі шабуылдады және 69-минутта Давид Луис айып добын керемет орындап, есепті еселей түскен-ді.
80-минутта колумбиялықтар 11 метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алды. Бұл сәтте бразилиялықтардың қақпашысы Жулио Сезар Рамосты өз айып алаңында шалып жығып, сары қағаз иеленген тұғын. Колумбияның жартылай қорғаушысы Хамес Родригес пенальтиді сауатты орындап, өз кезегінде осы чемпионаттағы алтыншы голын тоғытты.
Бразилиялықтар осы есепті ойын аяғына дейін ұстап тұра алды, енді жартылай финалда француздарды 0:1 есебімен ұтқан немістермен ойнайтын болады.
ӘЧ-2014, ширек финал
Бразилия - Колумбия - 2:1
Тьяго Силва, 7, Давид Луис, 69 – Хамес Родригес, 80 (пен.)
Бразилия: Жулио Сезар, Тьяго Силва, Давид Луис, Фернандиньо, Марсело, Халк, Паулиньо, Фред, Неймар, Оскар, Майкон.
Бас бапкер - Луис Фелипе Сколари.
Колумбия: Оспина, Сапата, Йепес, Санчес, Армеро, Гутьеррес, Родригес, Куадрадо, Гуарин, Ибарбо, Суньига.
Бас бапкер - Хосе Пекерман.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: es.fifa.com
О. Сансызбай