Әлем Чемпионатында 1/8 финалда Бразилия мен Чили құрамалары арасындағы кездесудің тағдыры ойын соңындағы пенальтиде шешілді.
Бірінші таймда бразилиялықтар белсенді қимылдады, өз кезегінде бірінші гол ерте соғылды. Ойынның 18-минутында "ПСЖ"-ның жейдесін киген Давид Луиз есеп ашқан болатын.
Көп ұзамай, ойынның 32-минутында "Барселонаның" шабуылшысы Алексис Санчес есепті теңестіріп кетті - 1:1.
Ойын аяғында 11 метрлік пенальтиден бразилиялықтардың бағы жанды. Бұл күні Чили құрамасының жолдары болмады.
ӘЧ-2014, 1/8 финал
Бразилия – Чили - 1:1 пенальти 3:2
Давид Луиз, 18, Алексис Санчес, 32
Бразилия: Жулио Сезар, Дани Алвес, Силва, Луиз, Фернандиньо, Марсело, Халк, Фред, Неймар, Оскар, Луиз Густаво
Чили: Браво, Мена, Исла, Силва, Санчес, Видаль, Варгас, Медель, Хара, Арангис, Диас.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: eurosport.ru