- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- ӘЧ-2014. Бельгия ширек...
ӘЧ-2014. Бельгия ширек финалда
Әлем Чемпионатында 1/8 финал ойынында Бельгия мен АҚШ құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды...
Ойынның негізгі уақыты тең есеппен аяқталған-ды. Бельгиялықтар екі таймда да гол соғуға тамаша мүмкіндіктерге ие болған тұғын, бірақ ағылшынның "Эвертон" клубының қақпашысы Тим Ховард қақпада сенімді тұрды.
Бельгия құрамасы өзіндегі бар басымдылықты қосымша уақытта ғана жүзеге асыра алды. Алдымен де Брюйне көзге түссе, артынша қосалқы құрамнан шыққан Ромелу Лукаку мергендігімен танылды. Американдықтар Джулиан Грейдің табандылығымен таразы басын қысқартқан болатын, бірақ ойынды құтқару қолдан келмеді.
Ширек финалда Бельгия Аргентина құрамасымен кездеседі.
ӘЧ-2014, 1/8 финал
Бельгия – АҚШ– 2:1
Кевин Де Брюйне, 93, Ромелу Лукаку, 105 - Джулиан Грей, 107
Бельгия: Куртуа, Ван Бюйтен, Алдервейрелд, Компани, Вертонген, Витсель, де Брюйне, Феллайни, Азар, Мертенс, Ориги.
АҚШ: Ховард, Гонсалес, Брэдли, Беслер, Бизли, Дэмпси, Бедойя, Джонс, Зуси, Кэмерон, Джонсон.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: es.fifa.com
О. Сансызбай