- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- ӘЧ-2014. Бас қазы...
ӘЧ-2014. Бас қазы бір ойынға 50 мың доллар алады
Әлем Чемпионатында қазылық еткен кез келген төреші 50 мың доллар алады. Бұған Бразилияға барған жол ақысы қосылмайды.
ФИФА Әлем Чемпионаты-2014 додасын өткізуде әр елден 25 бас қазыны шақыртқан және алтауы бұрынғы Әлем Чемпионатында төрелік еткендер. Тоғыз төреші Еуропадан, бесеуі Оңтүстік Америкадан, төртеуі Азиядан, үшеуі Орталық және Солтүстік Америка мен Африкадан, жалғыз қазы Океаниядан ат басын бұрған.
34 жастағы колумбиялық Вильмар Рольдан Әлем Чемпионатындағы ең жас төреші болса, ивуарлық Нумандьез Дуэ ең қартаң бас қазы екен. Күзде ол 45-ке толады.
Тізімнен француз төрешісі табылмайды жайт және мұндай жайт алыс 1974 жылдан бері орын алып көрмепті.
Ерте кездегідей, Украинадан төрелік ететін қазылар шақырылмаса, есесіне Өзбекстан, Сальвадор, Жаңа Зеландия, Алжир мен Гамбия елдерінен қазылар алынған. Бұл төрешілер аз гонорар алмақ - 15 мың доллар (барған жолына) және бір матчқа 50 мың доллар.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: telegraf.com.ua
Л. Лига