Әлем чемпионатындағы «F» тобының тағдыры шешілді. Соңғы шешуші кездесулерде Аргентина Нигериядан басым түссе, ирандықтар Босния және Герцеговинаны жеңе алмады.
Аргентина құрамасы бүгін үздік ойынын көрсетті. Лионель Месси өзінің спорттық мансабында ең жылдам голын соқты. Жылдам шабуылға алғашқы минуттардан иек артқан екі құрама бас-аяғы 4 минуттың ішінде жанкүйерерге 2 голдың куәгері болу «бақытын» сыйлады. Алғашқы тайм аяқталар тұста әлемнің үздік футболшыларының бірі – Лионель Месси дубль авторы атанса, екінші таймда нигериялықтардың қатарынан Ахмед Мусса екінші добын еншісіне жазды. Ал аргентиналықтарға жеңіс сыйлаған голды 50 минутта Роха қарсылас қақпасында тулатты.
Екінші жолдамадан үмітті Иран құрамасы Босния және Герцеговинаға 3:1 есебімен ұтылды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com