Каталондық басылымдар әйгілі Зиннедин Зиданның бала кезінде «Барселонаға» жанкүйер болғанын айғақтайтын ақпараттар жаза бастады. Мұны мадридтік «Реал» жанкүйерлері арандатушы ақпарат ретінде қабылдап отыр.
«Mundo Deportivo» басылымы «корольдік клубқа» Зиннедин Зидан бас жаттықтырушы болып тағайындалысымен футболшының ертеректе каталондық клубқа жанкүйер болғанын айтқан бейнекөрсетілім жариялаған.
- «Ювентус» - мықты команда. Мен бала кезімнен Италияда «Ювентусқа», Испанияда «Барселонаға» жанкүйер болғанмын, - деген Зидан бейнекөрсетілімде.
Айта кетейік, Зиннедин Зидан 5 қаңтар күні «Реал» тізгінін қолға алған болатын. Жаттықтырушы клубпен 2018 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Жылына 2,5 миллион еуро жалақы алады. Командада жартылай қорғаушылар Денис Черышев пен Лукас Васкес, қорғаушы Начо, шабуылшы Хесе Родригес пен қақпашы Кике Касилья ғана Зиданнан азырақ жалақы алады екен.