Туриннің «Ювентус» футбол клубы Чемпиондар лигасын жеңер болса, ажалдан аман қалған жас баланың арманын орындамақ. Бірнеше күн бұрын есін жиған бала бірінші италиялық клубтың хал-жағдайын сұраған болатын.
Шомылып жүрген 14 жастағы бала көпірден сәтсіз секіріп, суға батып кеткен. Ал оны құтқарушылар 42 минуттан кейін ғана судан шығарыпты. Ал дәрігерлер баланың аман қалғанына таңданыстарын жасырмаған. Десе де жасөспірім есін төрт аптадан кейін ғана жиған. Есін жиған бойда ата-анасынан «Ювентустың» Чемпиондар лигасындағы нәтижесін сұрапты. Ол туриндік клубтың футболшыларымен кездесуді армандайды екен.
Италиялық басылымдар таратқан ақпарат бойынша, «Ювентус» Чемпиондар лигасын жеңсе ауруханадағы баламен қуаныштарын бөліспек екен. Ал клубтың ресми сайты бұл туралы хабар таратқан жоқ.