"Юнайтед" УЕФА-дан 34 миллион фунт сыйақы алады

"Юнайтед" УЕФА-дан 34 миллион фунт сыйақы алады

«Манчестер Юнайтедтің» мерзімінен бұрын Чемпиондар Лигасымен қоштасуы  кем дегенде 22 миллион фунт пайдадан айырылуға әкелді.

Чемпиондар Лигасының ағымдағы маусымында «қызыл сойқандар» келесі кезеңге өту жолдамасын мадридтік «Реалға» беріп, жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтауға тура келді.

ESPN басылымының хабарлауынша, ағымдағы маусымда  «Юнайтед» УЕФА-дан 34 миллион фунт сыйақы алады. Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын «сойқандар» топтық кезеңнен өте алмаған кезде, олар өз бюджетін 30,4 миллионға толтырған еді.

Алайда, егер сэр Алекс Фергюсон шәкірттері жарыстың финалы өтетін «Уэмблиге» дейін жете алғанда, сыйақы мөлшері кем дегенде 56 миллионға жетер еді. Бұның өзі билет сатылымдарды, телевизиялық көрсетілім құқығы мен атрибутикаларды есепке алмағанның өзінде.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport.obozrevatel.com

Ж. FM