Қазақстандық теннисшіЮлия ПутинцеваФранция ашық біріншілігін (Роллан Гаррос) ширек финалда аяқтады. Ол бұл межені мансабында екінші рет бағындырды. Ширек финалда отандасымыз америкалық теннисшіМэдисон Кизгеесе жіберді. 2016 жылы да америкалық теннисшіден жеңілген еді. Ол жолы Серена Уильямс Юлияның жолын кескен-ді. Роллан Гарроста ерлер мен әйелдердің сыйақы мөлшері бірдей. Ширек финалға шыққан үшін Юлия Путинцева380 мың еуроалады. Теңгеге шаққанда 147 миллион 883 мың теңгені құрайды. Жартылай финалға шыққанда560 мың еуроалған болар еді. Жарыс жеңімпазы2,2 миллион еуро табысқа кенеледі. Финалда сүрінген теннисші1,12 миллион еуроалады. Биылғы Роллан Гарросты екінші айналымда аяқтағанЗарина Дияс 79 мың еуро(30 миллион 744 мың), бірінші кезеңнен аса алмаған Михаил Кукушкин40 мың еуромен(15 миллион 560 мың) үйіне қайтады. Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер Үлкен дулыға санатындағы жарыстардың ширек финалынан ары аспаған.