Ю.Хайнкес бапкерлік мансабының аяқталғанын мәлімдеді

2012/2013 жылдардағы маусым аяқталысымен мюнхендік "Бавария" клубының бас бапкері қызметінен кеткен неміс жаттықтырушысы Юпп Хайнкес бапкерлік мансабының аяқталғанын мәлімдеді. 

Осыған дейін де 68 жасар Хайнкес "Бавариямен" чемпиондар Лигасын ұтып алғаннан кейін "бапкерлік мансабын аяқтайды" деген әңгімелер болған еді. Енді оның орнын алдағы маусымнан бастап каталониялық Хосеп Гвардиола басатынын белгілі. Клуб Пеппен 2013 жылдың қаңтар айында келісімге келіп қойған болатын.  

Биылғы маусым нәтижесінде Хайнкес басшылығымен "Бавария" чемпиондық хет-трик жасады. Ол ел біріншілігі мен Кубогын және чемпиондар Лигасын ұтып алды. 

Юпп Хайнкес: "Мен бұдан әрі бапкерлік қызметпен айналыспаймын. Мен өз мансабымды абыройлы аяқтадым деп ойлаймын",-деп түйіндеді.

Хайнкес бапкерлік мансабын 1979 жылы бастады. Оның ең үлкен жеңісі ретінде "Бавария" мен "Реал" клубтарымен жеткен жетістіктерін айтсақ болады. Соңғысымен ол 1997/1998 жылдары чемпиондар Лигасын жеңіп алды.

Ал оның футболшылық мансабына келсек, Хайнкес бүкіл мансабын менхенгладбахтық "Боруссияда" жасады. Ол осы клубпен бірге Германия чемпионатын төрт рет, ел Кубогы мен Суперкубогын, сондай-ақ УЕФА Кубогын да ұтып алды. Ал ұлттық құрама сапында ол 1972 жылғы Еуропа және 1974 жылы Әлем чемпионы атанды. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz