Виллаш-Боаш: 70 ұпай болса болды, біз төрттіктеміз

Виллаш-Боаш: 70 ұпай болса болды, біз төрттіктеміз

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Андре Виллаш-Боаш ағымдағы маусымда 70 ұпай жинап, Премьер-Лиганың үздік төрттігінде көрінгісі келетінін мәлімдеді. Бапкер команданың осы мақсатты орындай алатынына сенімді.

Жуырда ғана аталған клуб өз мақсатына жеткендей болып көрінгенімен, кезегінен болған екі жеңіліс «Челси» мен «Арсеналға» Вилаш-Боаш шәкірттеріне жетіп алуға мүмкіндік берді.

«Бұрын болған нәрсе, ағымдағы маусымда да қайталанады дегенді білдірмейді. 
Қазіргі жағдайдың бұрынғы жылдардың тәжірибесіне еш қатысы жоқ. Біз өз жұмысызмызды жақсы орындап келеміз. Әдетте төрттікке іліну үшін 70 ұпай жеткілікті. Әлі 24 ұпай ойнатылады. Бізге әлі 16 ұпай иелену қажет.  Алда не боларын білу мүмкін емес, бірақ, бұл жолы біз қойған мақсатқа жетеміз», - дейді Виллаш-Боаш BBC-ге берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ru.uefa.com 

Ж. FM