Видео."Жерден көтерілудің" 48 әдісі

Ең бір қолжетімді, сол уақытта өте-мөте ыңғайлы физикалық жаттығулардың бірі - жерден көтерілу. Оны кез келген уақытта және кез келген жерде жасай аласыз және оны жасауға арнайы бір жабдықтаманың да, құралдың да қажеті жоқ. Орындау ережелерін дұрыс білсеңіз болғаны.

Жаттығудың бұл түрі иық бұлшықеттерін қатайтып қана қоймай, сонымен бірге арқа мен белге көп әсерін тигізбек. Жаттығу залына баруға уақытыңыз болмаса, онда жаттығудың бұл түрімен-ақ көп нәрсеге қол жеткізуге болады екен. 

Сенбесеңіз, төмендегі "жерден көтерілудің" (отжимание) 48 әдісіне көз жүгіртіңіз. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/J8OdgXIbliI#t","width":"450","height":"338"});

Көріп тұрғандарыңыздай, қарапайым жаттығудың бұл түрі де әрқилы әрі сол уақытта қызықты бола алмақ. "Жерден көтерілудің" қиын әдістері сау қалпыңызды сақтауға септігін тигізбек.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: nevseoboi.com.ua