Демалыс күні өткен Венеция марафонында италиялық желаяқ Эйоб Джебрейэуэ жеңіске жетті. Көш басында келе жатқан 7 спортшы жолдан жаңылып қалған.
Эйоб Джебрейэуэ марафонда жеңістен басты үміткерлер қатарында болмаған. Марафонның орта тұсына келгенде 7 спортшы өзгелерден оқ бойы озық шыққан. Осы сәтте оларды бастап келе жатқан мотоцикл жанармай ауыстыру үшін өзге бағытқа бет алған. Алда келе жатқан спортшылар мотоциклші бұрылған бағытпен жарысты жалғастыра беріпті. Нәтижесінде Гилберт Киплинг Чумба, Абдулахл Дауд және Дэвид Кипроно сынды фаворит спортшылар жолдан жаңылғаннан кейін мәре сызығын бірінші болып Эйоб Джебрейэуэ кесті.
Италиялық желаяқ марафон жарысында алғаш рет жеңімпаз тұғырынан көрінді. Ол 42 шақырым, 195 метрді 2 сағат 12 минут 16 секундта жүгіріп өтті.
1995 жылдан бері Венеция марафонында италиялық спортшы жеңімпаз атанбаған екен. Ал марафон қалада 1986 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.