Универсиада ойыны қай уақытта шыққанын көптеген адам біле бермейді. Білуге де құштарлық танытатындар аз. Себебі әлемнің әртүрлі ЖОО оқитын жастардың бәсекесі үлкендер үшін қатты бір қызық бола қоймасы анық. Алайда, сіздердің біліп жүрулеріңіз үшін, біз арнайы ақпарат беруді жөн санап отырмыз.
Бұл жарыстың ашылғанына негізінен жарты ғасырға жуық уақыт өткен. Әлемнің көптеген оқу орындарының студенттері көптеген спорт түрлерінен бақ сынасып, қанжығасын майлауды көздейді. Бұл бір жағынан универ жасындағы баланың болашаққа деген құлшынысын ашса, екінші жағынан өз елі мен білім ордасын әлемге танытудың бірден бір жолы. Сонау 1920 жылдардың басында ұйымдастырыла бастаған ауқымды жоба Екінші Дүниежүзілік Соғыс пен көптеген елдердің қақтығысуының арқасында біраз жылға шегеріліп кеткендігі рас. Тек, 1959 жылы ғана жер бетінде тыныштық орнап, осы бір бәсекеге толы ойындарды салтанатты түрде ашқан екен.
Біршама уақытты артқа тастап 2017 жылы аталған жарыс еліміздің Алматы мекенінде де өткізу бағы бұйырды. Бірақ, жазғы спорт түрлерінен емес, қысқы ойындардан тұрады. 2000-нан аса студент спортшылардың бәйге жолындағы бәсекелестігі мен тақым қысқан бапкерлердің арасындағы үлкен доданың басталуына да аз-ғана уақыт қалды. Екі аптаға созылған қысқы ойындар қазақ елінің керемет табиғатымен қоса дархан көңілін де әлем назарына көрсету жоспарланып отыр.