"Ертіс" футбол клубы мен Өзбекстан ұлттық құрамасының футболшысы Ұлықбек Бақаев Қазақстан премьер-лигасының үздік легионері атанды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол Федерациясы.
ҚФФ аталған жүлде иегерін премьер-лига клубтарының бас бапкерлері арасында өткен дауыс беру нәтижесінде анықтады. Осылайша көпшілік дауыспен жеңімпаз болып "Ертіс" футбол клубының ойыншысы Ұлықбек Бақаев танылды.
Сондай-ақ, 34 жасар шабуылшы премьер-лиганың да үздік бомбардирі атанды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vesti.kz