Украина құрамасын Михаил Фоменко жаттықтыратын болды

Украина құрамасын Михаил Фоменко жаттықтыратын болды

Футболдан Украина құрамасын алдағы әлем біріншілігіне дейін украиндық маман Михаил Фоменко баптайтын болды.

Кеше осы мәселе бойынша Украина футбол қауымдастығының кезекті жиналысы болды. Жиналыс қорытындысы бойынша, футболдан ұлттық құраманың бас бапкері мен жастар құрамасының бас бапкерлерінің есімі белгілі болды.

«Бүгін Михаил Иванович Фоменко бір ауыздан Украина құрамасының бас бапкері ретінде таңдалды. Шартнама бойынша, ол біздің құраманы алдағы әлем біріншілігіне дейін жаттықтыратын болады. Келісім-шарт бойынша, біз бұл маманның алдына Бразилия жерінде өтетін әлем біріншілігіне шығару деген мақсат қойдық. Біз негізі ұлттық құраманың тізгінін дат маманы Свен-Горан Эрикссонға ұстатқымыз келген. Өкінішке орай, ол маманмен келісе алмадық», - дейді Украина футбол федерациясының Президенті Коньков.

Айта кетейік, 64 жасар Михаил Фоменко өзінің бапкерлік мансабын 1979 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін түрлі біріншіліктегі 13 команданы жаттықтырған. Сонымен қатар Ирак және Гвиней сынды ұлттық құраманың тізігінін де ұстаған. Киевтік «Динамомен» 1993 жылы Украина чемпионаты мен Украина Кубогін жеңген.

Сондай-ақ кешегі жиналыс барысында Украина жастар құрамасының бас бапкері белгілі болды. Ол тағы да бір украиндық маман – Сергей Ковалец.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru 

Ю. НИКУЛЛИН