Англия құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Уэйн Руни ұлды болып отыр. Бұл туралы "Р-Спорт" агенттігі хабарлайды.
Дүйсенбіден сейсенбіге ауысқан күні, мамырдың 21-інде келіншегі Колин дүниеге торсықтай ұл баланы алып келді. Ұлдың есімі – Клэй. Айта отырсақ, Рунидің отбасында бұл екінші бала: ыстық ұяда үш жасар Кайды өсіріп келеді.
"Біздің тәп-тәтті ұлымыз Клэй Энтони Руни таңертеңгі сағат 2:11-де туылды (Астана уақытымен сағат 7:11) Клэй мен Колинде бәрі жақсы. Біздер бақыттымыз", - дейді ағылшын ойыншысы.
Ескере кетерлігі, аталған ойыншы ішкі біріншіліктің "Вест Бромвичке" (5:5) қарсы болып өткен соңғы ойынында әйелінің хал-жайы үшін қатыса алмаған болатын.
Естеріңізге сала отырсақ, 27 жастағы талантты футболшы ағылшын ішкі біріншілігінің 2012-2013 маусымында "Манчестер Юнайтед" сапында чемпион атанып отыр.
сурет:sport.today.kz
Дайындаған: Фараби Арыстанбек