"Интердің" ойыншысы Уэсли Снейдер түріктің "Галатасарай" командасымен келісім жасасты. Баспасөз бетінде жаңа команданың жейдесін киюге асыға-асыға талпынып отырғанын жария қылыпты.
""Галатасараймен" келісім жасасқаныма қатты қуаныштымын. Енді аталған клубтың жейдесін киюге асығып отырған жайым бар... Түркияда футболға қатты әуестік барын білемін.
"Қазіргі таңда бабым келісті және жақын арада өтетін "Бешикташ" командасына қарсы өтетін ойында алаңға шығуға дайынмын. Команданың бапкері Фатих Терим туралы көп естігенім бар. Оның Италиядағы мансап жол жақсы өрбіген еді. Түрік тілі? Жақын арада үйреніп алуға үміттімін" - деген Снейдер.
Шетелдік БАҚ өкілдері нидерландық ойыншының жалпы құны 7,5 миллион евроны құрап отыр дейді. Жаңа келісім 3,5 жылға созылмақ.
"Галатасарай" клубының басшысы Унал Айсал жақсы жаңалықты қуана қабылдаған. Өз кезегінде "Интер" командасының президенті Массимо Моратти мырзаға алғыс жаудырыпты.
Бұл турасында Football Italia хабарлап отыр.
сурет:almogaz.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек