Түркияның Бурсаспор футбол клубы Астана командасының шабуылшысыПатрик Твумасидісатып алмайтын болды. Бұл туралыGhanasportsonline.comхабарлады. Бастапқыда қос команда тарабы трансфер жайында келісімге келген. Кейіннен келісім үзілген. Бейресми деректер бойынша түркиялық команда қазақстандық клубтың сұраған қаржысын беруден қашқақтаған. Сатып алған күннің өзінде Астана Бурсаспорға ақшасын бірден беру талабын қойған. Ал түркиялық команда бөліп төлеу жайын қарастырған. Басылым мәліметі бойынша Бурсаспордың бас тартуы Францияның Кан командасына тиімді болуы мүмкін. Бұл клуб та Астананың ганалық легионеріне ерекше қызығушылық танытуда. Ал осыған дейін Спартак Мәскеу (Ресей), Селтик (Шотландия) және Штуттгарт (Германия) клубтары да өз қатарларынан көргісі келетіні жайлы хабарланған-ды. Патрик Твумаси қазіргі таңда Астана командасымен бірге оқу-жаттығу жиынында жүр. Оның елордалық командамен келісімшарты 2019 жылдың соңына дейін жарамды. Футболшы 2013 жылдан бері Астана сапында ойнап келеді. Өткен маусымдағы ел премьер-лигасында 30 ойынға қатысып, 14 гол соқты. 5 рет нәтижелі пас берді.