Кейбір велосипедшілер жарыстарда моторы бар велосипед қолданып жүрген болуы мүмкін, - деп жазады Итар-ТАСС. Бұл спортшыларға күшін үнемдеп, жылдамдығын арттыруға көмектеседі. Велосипедке арналған моторлар өте кішкентай, сондықтан, бір қарағанда байқалмайды.
Бұл технологияны пайдаланғандардың бірі Sky командасының лидері Кристофер Фрум болуы мүмкін екені айтылып жатыр. Айта кетелік, Фрум бірнеше рет финишке таяғанда бойына ерекше күш бітіп жеңіске жетіп отырған. Кейін мамандар оны допинг қолдандың деп айыптағанмен, дәлелдей алмады.
«Тур де Франста» тексерістердің көп екеніне қарамастан, Фрумнан әзірге ешқандай кінә табылған жоқ. Табылған жағдайда ол алты айға спорттан алшақтатылып, 207 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін.