- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Трансфер. "Барса" мен...
Трансфер. "Барса" мен "Реал" соңғы онжылдықта
Көпшіліктің ұғымында «Барселона» «Реалға» қарағанда трансферге аз қаржы жұмсап, көбіне өз шәкірттеріне иек артады деген сенім қалыптасқан. Бірақ, мәліметке көз жүгіртер болсақ, онда "блаугрананың" аз шашылмағанын көреміз.
Goal.com испандық қос алпауыттың соңғы онжылдықта ойыншы сатып алуда жұмсаған жалпы шығынын есептеп шығыпты. "Корольдік клубтың" жалпы шығыны 965 млн еуроны құраған, ал таза шығын мөлшері (сатылыммен қоса) - 609,15 млн еуро.
«Барселонаның» көрсеткіші - 648,35 және 429,61 млн шамасында.
"Реалдың" "Барсадан" көш ұзап кеткен бір тұсы 2009 жылы байқалды. Сол жылы мадридтік клуб екі рет трансфер рекордын бұзған болатын. Төмендегі дөңгеленген сандарға көз жүгірте отырып, испан біріншілігінде жуық жылдары осы екі клубтан басқа чемпионды көрмесіміздің бар сыры байқалады.
Төменде бір-бірін аямас қос ұжымның ауысым шығыны ұсынылған. Қаржы мөлшері "млн еуромен" көрсетілсе, жақша ішінде трансфердің таза мөлшері орналасқан (сатып алынғандардың минус сатылымы). Сонымен қатар, қос клубтың әр маусымдағы ірі ауысымдары беріліпті.
* * * *
«Реал», келді/кетті
2003/2004 – 37,5 (5,7). Бекхэм/Макелеле
2004/2005 – 53,7 (47,45) Самуэль, Вудгейт, Оуэн/
2005/2006 – 89,5 (44,3) Робиньо, Баптиста, Рамос/Самуэль, Оуэн
2006/2007 – 103 (87,8) ван Нистелрой, Каннаваро, Эмерсон, Игуаин, М. Даирра, Гаго/
2007/2008 – 119 (78,6) Роббен, Снейдер, Пепе, Дренте, Хайнце/
2008/2009 – 82,2 (12,9) Хунтелаар, Л. Диарра, ван дер Варт/Робиньо
2009/2010 – 257,4 (169,9) Роналду, Кака, Алонсо/Хунтелаар, Роббен, Снейдер
2010/2011 – 89 (79) Ди Мария, Озил, Хедира/Рауль, Гути (екеуі – тегін), ван дер Варт
2011/2012 – 55 (47) Коэнтрау, Шахин, Варан/Кальехон, Гарай
2012/2013 – 33,5 (0) Модрич/Гаго, Л. Диарра, Каналес, Алтындоп, Гранеро
2013/2014 – 42,5 (36,5) Иско/
* * * *
«Барселона», келді/кетті
2003/2004 – 45,85 (32,95) Роналдиньо, Маркес, Куарежма/
2004/2005 – 78,5 (63,75) Это'о, Деку, Жюли/
2005/2006 – 0 (-3) ван Боммель (тегін)/
2006/2007 – 31 (18) Гудьонсен, Тюрам, Дзамбротта/
2007/2008 – 68,5 (54,5) Анри, Г. Милито, Абидаль, Туре/
2008/2009 – 96 (40,56) Алвес, Кейта, Пике, Глеб, Касерес, Энрике/Роналдиньо, Деку
2009/2010 – 93 (88,5) Чигринский, Ибрагимович/Это'о
2010/2011 – 72,5 (19,8) Вилья, Маскерано/Чигринский, Ибрагимович
2011/2012 – 60 (13,05) Фабрегас, Санчес/Ибрагимович, Кркич
2012/2013 – 33 (32,5) Сонг, Альба/
2013/2014 – 70 (69) Неймар, Кркич («Ромамен» ертеректегі келісім бойынша сатылды).
сурет:sport.news.am
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига