Торстен Фрингс үлкен спортпен қош айтысты

Торстен Фрингс үлкен спортпен қош айтысты

Германия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Торстен Фрингс спорттағы мансабымен қоштасатынын мәлімдеді. Оған бірден-бір себеп ретінде ол жазылмай кеткен жамбас жарақатын айтты. 36 жасар футболшы кезінде "Вердер", "Бавария" және дортмундтық "Боруссия" сияқты клубтарда өнер көрсетті. 

Ол ұлттық құрама сапында 79 ойынға қатысып, 2002 жылы әлем және 2008 жылы Еуропа чемпионаттарында күмістен алқа тағынды. Жартылай қорғаушы 2011 жылы "Торонто" клубымен келісімге отырған еді. Алайда, оның алаңдағы ойыны жарақатына байланысты ұзаққа созылмады. Содан бері ол жазылмаған жамбас жарақатынан зардап шегіп келген екен. Бірақ Фрингс кезінде өзінің қайсар мінезімен де танымал болған еді. Ол 2008 жылы өткен Еуропа біріншілігінің жартылай және финалдық ойындарында сынған жамбасымен өнер көрсеткен екен.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: yahoo.com 

Б. Қосмағамбет