Футболдан Испания ішкі біріншілігінің үшінші лигасында ойнайтын «Расинг» пен Компостело» командаларының арасындағы кездесуде футболда сирек кездесетін оқиға орын алды. Кездесудегі бас қазы жарақат алып, жұмысын жалғастыра алмай қалған. Аздаған уақыттан кейін стадион дауыс зорайтқышымен төрешіліктен хабары бар адамды шақырған көрінеді. Жанкүйерлердің қуанышына орай араларынан дәл сол үшінші лигада қазылық атқаратын бір төреші табыла кетіпті.
Жарақат алған бас қазы алғашқысында өзінің орнын қапталдағы төрешімен ауыстырған екен. Алайда ол өзін жайсыз сезінгеннен кейін, жұмысын жалғастыра алмайтынын хабарлапты. Ал ойын 1:1 есебімен аяқталған.
Төреші мен футболшылардың соқтығысып қалу жағдайы ағылшын премьер-лигасының «Арсенал» және «Норвич» жастар құрамдарының кездесуінде де орын алды. Бас қазы Эдриан Саннеруд бір минуттың ішінде екі футболшымен соқтығысып қалды. Алайда дәрігерлер көмегіне жүгінген жоқ.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mkzCrGs6Fh4","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: rsport.ru