Бала кезімізде төбелес фильмдерін неліктен жақсы көрдік? Олардың басты кейіпкерлеріне неліктен ұқсағымыз келді? Шын мәнінде мұның барлығы да біздің тек балалығымыздан я болмаса еліктегіш қасиетімізден емес.
Бас кейіпкерлердің фильм соңында жеңіске жетуінің құпиясы қандай да бір төбелес жанрының ерекшеліктері мен қасиеттерін насихаттаудан, және сол төбелес өнерлерінің қайнарын зерттегендіктерінен болып отыр. Сүйікті кейіпкерлеріміздің дайындық барысын байқап отырсаңыз бұл төбелес өнерлерінің әрқандай түрін барынша қайнарынан тауып, зерттеулерге сүйене отырып талданғанына көзіміз жетеді. Мәселен, кокос жемісін адам ішіне тастау, көлік жуу, грек жаңғақтарын шағу және басқа да тиімді дайындық әдістері туралы мақаламызды ұсынамыз.
Сильвестр Сталлоне басты рөлін сомдайтын Джон Эвилдсонның «Рокки» деген фильмі спорттық киноның эталоны болып келді. Ал Рокки Бальбоаны сомдайтын Сталлоненің дайындық әдістері мен ас қабылдау рационы әлі күнге дейін біржақты айтылмайды. Десе де, «Рокки» фильмін қарап отырып, бірнеше тиімді әдістерді айрықша бөліп қарастыруға болады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Hj0jzepk0WA","width":"450","height":"338"});
***
Бэтмен жайлы трилогияның соңғы фильмінде оны сомдаған Кристиан Бэйлге еңбек етуге тура келді. Ол түсірілім барысында аз уақытта салмақ жинауы керек болды. Әрине зұлым Бэйнді сомдаған Том Хардидің дайындығы бөлек әңгіме. Бірақ фильмді көрген болсаңыз, Брюс Уэйннің омыртқасы сынып, орға тасталғанда бас кейіпкер 5 ай бойы күш жинауы керек болады. Омыртқа сүйегін түзету үшін ол күніне 20 минут бойы арқанда созылып тұрады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/iFJ1L-fp5Oc","width":"450","height":"338"});
***
Фильм таэквандо спорты бойынша АҚШ-тың намысын қорғайтын бес жігіт туралы. Бірақ фильмдегі Оңтүстік Корея елінің спортшыларының ерекше жаттығуы назарға түседі. Бұл эпизодта бапкерлер жаттығушыларға әрқандай қауіпті жаттығулар орындатады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/fPettfc_DaU","width":"450","height":"338"});
***
Джеки Чан түскен VHS форматындағы фильмдердің әрқайсысы да көрілім жинай алды. Бірақ «Масаң шебер» атты фильм көзайымға айналды. Бұл төбелес жанрының басты мақсаты – шарап ішу емес екендігі белгілі, оның орнына психологиялық ойлау жүйесі арқылы адамға соққы жасау болып табылады. Мұнда мас адам секілді соққы қабылдау, жаңғақты қолмен шағу және жерден көтерілу жаттығуларын аса бір үлкен мәнге ие.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/RGtUTnMwLVo","width":"450","height":"338"});
***
Тоңазытқыштағы, киім жинайтын сөрелердегі Ван Даммның суреті сізде де болды ма? Әрбір спорт клубында оның суреті бар үлкен плакаттары міндетті саналатын.
Тайланд төбелес өнерінің мектебі, бауыр үшін кек алу, махаббат эпизодтары Ван Даммның әр фильмінде кездеседі. Ал секіре тұрып айналып тебу оның басты әрі ең әдемі әдістерінің бірі.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/7MFwxnqXLAQ#t","width":"450","height":"338"});
***
Бұл фильм – америкалық төбелес фильмдерінің классикалық үлгісі. Ван Дамм сомдайтын Фрэнк Дюксті бәрі сүйді. Егер қыз балалар оның қайтпас қайсарлығын, сымбаттылығын бағаласа, ұлдар оның төбелесудегі шеберлігіне тәнті болды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/VnYDrs2ykcI","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfur.me