Тито Виланова Каталонияға оралды

Бүгін таңертең "Барселона" клубының 43 жасар бапкері Тито Виланова АҚШ-тан Каталонияға оралды. Sport.es сайты хабарлағандай, Тито жақын арада өзінің негізгі жұмысына кіріспек екен. 

Естеріңізге салсақ, ол АҚШ жерінде екі айдан аса уақыт бойы рак ауруынан емделген еді. Оған операция өткен жылдың желтоқсан айында жасалған. Ал кейін ол Америкада химио-радиотерапия курстарын алып, ем қабылдады. 

Осы уақыт аралығында, клубты Титомен үнемі байланыста болған оның көмекшісі Жорди Роура басқарып келген еді. Клубқа қатысты барлық маңызды шешімдер тек Титомен кеңесе келе шешіліп отырды.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net