Терри ұлттық құрамамен қош айтысты

Терри ұлттық құрамамен қош айтысты

Естеріңізге сала кетсек, Терри 2012 жылдың басында "КПР" командасының ойыншысы Антон Фердинандқа нәсілшілдік мазмұндағы сөз айтты деп айыпталып, капитандық мәртебесінен айырылып қалған еді. Ағылшындардың Вестминстер соты бұрынғы капитанды ақтап шыққанымен, Англия футбол ассоциациясы (FA) қарсы шағым түсіріп, 31 жастағы ойыншының ісін қайта қарамақ ниетте. Бұл іске қатысты тыңдау бүгін, яғни 24 қыркүйекте басталмақ.

- "FA" менің құрамадағы орнымды тым қиындатып жіберді, бірақ өз елімді әлемге таныту және оның көшбасшысы болу мен үшін бала кезімнен бергі арманым, сондықтан бұл рольді алып жүру мен үшін үлкен мақтаныш болды,-деп келтірді өз сөзін Терри.

"Мен барлық ойынды толық беріліп ойнадым. Қолымнан келгенін елім үшін аяған жоқпын. Сондықтан бұл шешімді қабылдау мен үшін оңайға соққан жоқ. Әлбетте Ройға (Ходжсон) және командама болашақта тек сәттілік тілеймін".

Джон Терри ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2003 жылы Сербия және Черногория командасына қарсы өткізген болатын. Содан бері ол құрамамен 78 ойынға қатысты. Оның ішінде 2 рет әлем (2006, 2010) және Еуропа біріншілігінде (2004, 2008) алаңға шықты.

Атақты ойыншы өз сөзін:

"Мен Англия құрамасының бапкерлеріне, мені осы 78 ойынға шақырып сенім білдіргендері үшін алғысымды айтамын. Осы міндетімді атқаруыма көмек көрсеткен барлық алаңда болған ойыншыларға рақмет. Сонымен бірге, маған қиын жағдайда қол ұшын созған жанкүйерлеріме, отбасыма алғысым шексіз"-деп аяқтады

Ұлттық құрамамен қоштасқанымен, Терри футболдық ғұмырын өзінің қазіргі клубы "Челсиде" жалғастыра бермек.  

сурет: eurosport.ru

Дайындаған: Қосмағамбет Болат

Б. Қосмағамбет