Тауыс қауырсынының микроскоптағы көрінісі

Канадалық фотограф Вальдо Нелланың (Waldo Nell) макросуреттерінен тауыс қауырсынының ғажап түстері мен адам сенгісіз бөлшектерін көре аласыздар. Тауыстарды әлемдегі ең әдемі құстардың қатарына жатқызатын – жайылып ашылатын  көзді "құйрығы". Ашылған көлемді "желпуішке" таңғала қарай бергің келеді. Вальдо Нелл тауыс қауырсындарынан тұратын макросуреттер жинағын жасады. Тауыс қауырсынының микроскоптағы көрінісі де таңғажайып.