Логистика тарихында көптеген қызықты және әдеттен тыс тапсырыстар болған. Мысалы, Америкада жеке үйлердің тасымалданатыны көпшілікті таңғалдырмаса керек. Мұндай үйлер дәстүрлі түрде жеңіл материалдардан салынады. Бірақ бұл әдеттен тыс тасымалданатын тапсырыстардың бір ғана мысалы ғана.
Киттің саяхаты
Бұл ұзақ жылдар тұтқында өмір сүріп, мұхитқа оралған аңызға айналған косатканың өмір тарихы. Дельфиндер тұқымдасына жататын Кейко есімді сүтқоректі 10 жылдай Мексика зоосаябағында өмір сүрген. "Виллиді құтқар" фильмін түсіру кезінде адамдардан қорықпайтын жануар ізделеді және таңдау мексикалық китке түседі.
Ол АҚШ-қа жеткізіліп, түсірілімнен кейін еліне қайтарылды. Кейконың адамдарға үйренгені сонша, ол босатылған кезде еркін жүзуден бас тартқан, бірақ оны бәрібір мұхитқа жіберген.
Индовер ғарыш кемесі
2011 жылы жұмысын аяқтаған ғарыш аппаратын Калифорниядағы ғылыми орталыққа жеткізу туралы шешім қабылданды. Шаттл Лос-Анджелес көшелерімен сағатына 3 км жылдамдықпен 19 шақырым аралықты басып өтті. Оның үлкен көлеміне байланысты жол бойындағы 400 ағаш кесілген.
Динозавр
Таиландтағы көлік компанияларының біріне үлкен динозаврды тасымалдауға тапсырыс берілді. Бұл робот-тиранозавр болатын. Әрине, мұндай тапсырыс айналадағы адамдардың назарын аудармауы мүмкін емес еді. Соның кесірінен көлік кептелісі туып, полицейлер тасымалдаушы компанияға бір мезгілде бірнеше айыппұл салды.
15 метрлік мұнай цестернасы
Финляндияда диаметрі 15 метрден асатын үлкен мұнай цестернасын басқа жерге көшіру қажеттілігі туындады. Ішінде жанармайы бар цестернаны өте мұқият жеткізу керек болды.
Жалпы сыйымдылығы 250 тоннаға жуық сақтау қоймасы екі үлкен ауыр жүк көлігіне тиелді. Мұнай өңдеу зауытының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автомобильдер синхронды түрде қозғалды. Тасымалдау қашықтығы көп болмаса да, мамандар мұны тамаша орындады.
130 миллион ара
АҚШ-та 130 миллион араны Калифорниядан Дакотаға тасымалдау қажет болған. Бірақ, жолда араларды тасымалдаған жүк көлігі аударылып қалған. Нәтижесінде аралардың көбі ұшып кеткен.