Таңғажайып қабілетімен ерекшеленген адамдар

Таңғажайып қабілетімен ерекшеленген адамдар
Фото: twitter.com

Көптеген адам ерекше талантты болғысы келеді. Үстелдегі затты көзбен жылжыту немесе алдыңыздағы адамның ойын оқу көпшілік үшін арман. Бүгін біз осындай армандарды жүзеге асырған ерекше адамдар туралы сыр шертеміз.

Хьюм – ұшатын адам

Левитация қабілеті бар (ауырлық күшін жеңіп, кеңістікте қозғалу) белгілі адам – ​​Даниэль Данглас Хьюм. Ол ХІХ ғасырда Шотландияда өмір сүрген. Куәгерлер оның жерден көтеріліп, ұшып жүргенін бірнеше рет сипаттаған. 1867 жылы ол үйінің жатын бөлмесінің терезесінен үш адамның куәлігінде ұшып шығып, қонақ үйдің терезесінен қонған. Юмның беделі мінсіз, оны ешқашан алаяқтық немесе көзбояушылық жасады деп айыптаған емес. Ол өз қойылымдарына тәуелсіз сарапшыларды, соның ішінде белгілі ғалымдарды да шақырып отырған. Хьюм жас кезінен Еуропаны аралап өз қабілетін көпшілікке көрсеткен. АҚШ-та да танымал болған.

Ол бірнеше рет дін өкілдері тарапынан қудалауға да ұшыраған. Қабілеті туралы:

"Менің белгілі бір қабілеттерім бар. Егер сіз мған джентльмен ретінде қарасаңыз, мен оларды барымша көрсете алатыныма қуаныштымын. Егер сіз осы құбылысты белгілі бір деңгейде түсіндіре алсаңыз, мен сіз айтқан кеңесті қуана тыңдаймын және кез келген ақылға қонымды эксперименттерге қатысуға дайынмын. Мен бұл қабілетті басқармаймын.  Оларды қолданбаймын, бірақ олар мені пайдаланады. Бұл қабілетім бірнеше айға жоғалып кетеді, содан кейін қайта пайда болады. Мен тек "енжар" ​​аспаптан басқа ештеңе емеспін", - деп айтқан екен.

Ол 1886 жылы 38 жасында қайтыс болған.

Жарқанат-адам

55 жастағы Дэниэл Киш велоспортты жақсы көреді. Бұл таңқаларлық емес, бірақ оның көзі көрмейді. Жас кезінде дәрігерлер оған ретинобластома (торлы қатерлі ісік) диагнозын қойып, күрделі операцияның нәтижесінде екі көзі көрмей қалған. Басына түскен қайғыға бейімделуге тырысқан ол айналада жүруді жеңілдету үшін тілімен түрлі ерекше дыбыстар шығара бастаған.

National Geographic-ке берген сұхбатында Киш әр дыбыс туралы: "Менің миым жаңғырықтарды динамикалық бейнелерге айналдырады, бұл басқалардың айналадағы адамдармен сөйлескенімен бірдей", - деп өз қабілетінің сырын ашқан.

2000 жылдан бастап Дэниэл "Соқыр көздер әлемі" шағын коммерциялық емес ұйымын басқарды. Құрылтайшының өзі және әлемнің 25 елінен келген 500 волонтер зағип балаларға жарқанаттар қолданатын экзолокация өнерін үйретеді.

Киштің шәкірттері өзіне жасалған жұмыстардың нәтижесінде мұндай қабілетке ие болу мүмкін екенін дәлелдеді. Олар велосипедпен ұзақ сапарға шығады. Көшеде емін-еркін жүреді.

Көзқарасымен айналаны жалынға орайтын адам

Парапсихологияда "пирокинез" термині бар. Ол заттардың температурасын қашықтықтан көтеріп, олардың жанып кетуіне әкелетін қабілет. Моңғолиялық Батмунхин Унурме өзінің осы қабілетін басқара алмайды. Ол зер салып қараған кез келген нәрсе өртеніп кетеді. Көзілдірк те көмектеспейді. Нәтижесінде, оның отбасы өрттен сақтану үшін тас қабырғалы үйге көшкен.

Рентген-әйел

1987 жылы 37 жастағы Донецк тұрғыны Юлия Воробьеваның денесін кранның кабинасындағы ақау салдарынан 380 вольтты тоқ соғады. Дәрігерлер оны өлдіге санап, денесін мәйітханаға жібереді.

Бірнеше күннен кейін Юлия оянды. Юлияның бойында ерекше қабілет бірден пайда болған жоқ.  Алты ай бойы ол бас ауруы мен ұйқысыздықтан азап шеккен. Содан кейін ауру басылып, оның орнына керемет қабілет пайда болған. Ол алғаш рет аялдамада тұрған әйелдің "ішкі ағзаларының қимылын" көргенде ол өзін есі ауысқандардың қатарына қосқан.

Кейін Юлия Федоровна өз шеберлігін халық игілігіне жұмсауға көшкен. Ол Донецк ауруханасына жұмысқа тұрып, бірнеше науқастың өмірін сақтап қалды. Рентген-әйел диагноз қойған кезде ешқашан қателеспеген. Ол өзінің қабілетін түсіндіре алмайды. Тек, адам ішкі ағзасын көре алатынын айтады.

Юлия Воробьева бүкіл әлемге әйгілі болды, бірақ өзінің керемет талантын ешқашан өз пайдасына жаратпаған.

Т. Раушанұлы