Қытайдың «Гуйчжоу Жэньхэ» футбол клубының ойыншылары Кшиштоф Мажински мен Рикардо Сантос «Шанхай Шэнсинь» клубына қарсы өткен ойында пенальти орындау үшін таласып қалды. Нәтижесінде команда капитаны 11 метрлік айып добын орындауда «жеңіске» жеткенмен, гол соға алмады. Десе де ойында «Гуйчжоу Жэньхэ» кейіннен дәл осы екі ойыншы соққан голдардың нәтижесінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, дәл осындай жағдай 2009 жылы «Палермоға» қарсы кездесуде «Интер» ойыншысы Марио Балотелли тарапынан орын алған болатын. Сол ойында «Супер Марио» соғылған бес голдың төртеуіне септігін тигізеді. Екеуін өз еншісіне жазады. Бірінші болып пенальти жасайды. Бірақ, оны штаттық 11 метрлік айып добын тебетін Самуэль Это’О-ға бергісі келмей, өзі тебуге ұмтылған болатын. Кейіннен Хавьер Дзанетти араға түсіп, ажыратқан еді. Бірақ, камерундық шабуылшы пенальтиден мүлт кетпеген-ді.
Сурет: totalfootball.am
Оқи отырыңыз
Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған
Бағы жанбай жүрген бапкерлер
Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)
Катар футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын қыста өткізетін болды